Created: 26 Қараша 2021
45

Инклюзивті білім берудің негізгі қағидасы – барлық адамдар бірге білім алуы керек

Инклюзивті болу оқу үрдісі кезінде барлық балалардың бірге болу жолдарын іздеуді білдіреді (соның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балалар). Инклюзивті білім берудің негізгі қағидасы – барлық адамдар бірге білім алуы керек. 22 қарашада ерекше білім беруді қажет ететін балалардың қатысуымен «Бүкіл әлем сен үшін...» атты апталық басталды. Психолог жарты шараралық өзара әрекеттесуді дамыту үшін кинезиологиялық жаттығулар сериясын жүргізеді. Жаттығулар денені дамытады, стресске төзімділікті арттырады, жарты шарлардың жұмысын синхрондайды, ақыл-ой белсенділігін жақсартады, есте сақтау мен зейінді жақсартады, оқу мен жазуды жеңілдетеді. Сондай-ақ саусақтарға арналған гимнастика жаттығулардың сәтті болуы үшін әрбір логопедиялық сабаққа міндетті түрде кіреді. Саусақтарды жақсы басқарсақ, тілді меңгеруді үйренеміз!