Created: 23 Қараша 2021
64

22 қараша күні ерекше білімді қажет ететін оқушылар арасында "Бүкіл әлем сен үшін" атты апталықтың ашылуы болып өтті

№ 15 жалпы білім беретін мектебінде 22 қараша күні ерекше білімді қажет ететін оқушылар арасында "Бүкіл әлем сен үшін..." атты апталықтың ашылуы болып өтті. Апталықтың мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар балалармен сабақ өткізу барысында оқытудың тиімді, белсенді әдістерін қолдану. Алдын ала бекітілген жоспар бойынша 1 КҮН «АДАМНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ОНЫҢ ҚАБІЛЕТІ МЕН ЖЕТІСТІГІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЕМЕС» қағидасына негізделген. Бұл күні балалармен «Жеміс салаты» энергизатор ойыны өткізілді. Энергизатор ойындары балаларды жақсы жақындастырады, қарым-қатынас дағдыларын дамытады, көңіл-күйлерін көтереді. «Жеміс салаты» ойыны арқылы мектеп психологы оқушылардың ептілігін, ұшқыр ойлауын дамытуды мақсат тұтты. Осы аталған мақсаттарға ойын барысында толық қол жеткізілді. Оқушылар ойынға өте белсенді қатысып, өз бойындағы ерекшеліктерін көрсете алды және үлкен қызығушылық танытты.