11.11.2021 күні «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының отырысы мектебіміздің аға тәлімгері Орынбаева М.Е. ұйымдастыруымен 8,9,10 сыныптар арасында өткізілді.
Мақсаты: Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық,беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу. Сонымен қатар жиын барысында оқушыларға «Жас Ұлан» ұйымы туралы ақпарат беріліп, мақсаты мен міндеттері туралы түсіндірілді. Оқушыларға «Жас Ұлан» ұйым Ұланбасы мен бағыт бойынша жетекшілері таныстырылды. Жиынды қорытындылай келе «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйым мүшелері толықтай міндеттері және ережелерімен танысты. Алдағы уақытта атқарылатын жұмысының жоспары мен мақсатты айқындалды.
https://alkeimargulan.edu.kz/kz/2021-09-29-09-46-54/439-zhas-lan-biry-aj-balalar-men-zhas-spirimder-jymyny-otyrysy#sigFreeId87e01afafe