Created: 02 Қараша 2021
77

Жас Ұлан ұйымының қазан айына жұмыс есебі

« №15 жалпы білім беретін мектебі»КММ

Ақпарат

Қазанның 7-сі күні мектебіміздің " Жас Ұлан" ұйымының мүшелерімен "Табиғатты аялайық" атты экологиялық акция ұйымдастырылды. Оқушылар мектебіміздің аға тәлімгері Орынбаева М.Е. мен бірге қала тұрғындарына табиғатты қорғау шаралары туралы насихат жүргізіп, қағаздан жасалған пакет таратылды.

Мақсаты: Табиғат- адамзаттың өмір сүріп, еңбек етіп отырған ортасы екенін оқушыларға түсіндіру, табиғатқа қамқорлық жасауға аялап ,қорғай білуге тәрбиелеу. Табиғаттың әрбір бөлшегі, адамзат баласы үшін асқан байлық, қазына екенін, адам өмірінің қорғаушысы денсаулықтың кепілі екенін балаларға кеңінен толық ұғындыру. Табиғатты қорғау. Экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру.

Акцияға 9-10 сынып оқушылар белсене қатысты. Акция аясында пластик бөтелкелер мен целлофан пакеттері табиғатқа айтарлықтай зиян келтіретіні туралы қала тұрғындарына насихат жүргізілді.

                           Мектеп директоры:А.Тлемисова

Орындаған: Орынбаева М.Е.

Тел: 31975

« №15 жалпы білім беретін мектебі»КММ

Ақпарат

Мектебімізде 20-ші қазан күні  1-2 сынып  оқушылар арасында «Күз кереметі» атты мектепішілік күзгі бұйымдар көрме байқауы сонымен қатар 3-4 сыныптар арасында «Алтын күз» қабырға газетін салу байқауы ұйымдастырылды. Байқауды мектеп аға тәлімгері Орынбаева М.Е. және «Өзін-өзі басқару» ұйымы ұйымдастырды.

Мақсаты: Оқушыларға күз мезгілінің тіршілікке берер пайдасын түсіндіру, күзгі табиғат ерекшеліктері туралы білімдерін тереңдету, еңбекті, табиғат сұлулығын сезе білуді ұғындыру.

Іс-шараға аталған сыныптардың бәрі белсене қатысты. Әр сыныптар өз қолдарымен «Күз кереметі» атты күз жасандыларын жасап, көрмеге қойды. Байқау аяқталған күні қатысқан оқушылардың бәрі мадақтама және алғыс хатымен марапатталды. Барлық карантиндік талаптарды сақтай отырып, әр сыныптарды өз кабинеттерінде мектеп президенті Курикова Амина және «Жас Ұлан» ұланбасы Айкумбаева Жанерке  оқушыларды  мадақтама қағазымен және номинация бойынша марапаттап құттықтады.