Қазанның 7-сі күні мектебіміздің "Жас Ұлан" ұйымы мен «Талап» өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері "Табиғатты аялайық" атты экологиялық акция ұйымдастырды. Оқушылар мектебіміздің аға тәлімгері М.Е. Орынбаевамен бірге қала тұрғындарына табиғатты қорғау шаралары туралы насихат жүргізіп, қағаздан жасалған пакет таратылды.
Мақсаты: Табиғат – адамзаттың өмір сүріп, еңбек етіп отырған ортасы екенін оқушыларға түсіндіру, табиғатқа қамқорлық жасауға, қорғай білуге тәрбиелеу. Табиғаттың әрбір бөлшегі, адамзат баласы үшін асқан байлық, қазына екенін, адам өмірінің қорғаушысы денсаулықтың кепілі екенін балаларға кеңінен толық ұғындыру.
https://alkeimargulan.edu.kz/kz/2021-09-29-09-46-54/263-ekologiyaly-aktsiya#sigFreeIdff03900218