Терроризм және экстремизм идеологиясының көріністерінің алдын алу мақсатында 2021 жылдың 28 қазанында «№15 ЖОББМ» КММ-де «AQSHAM» телеарнасының коммерциялық директоры, дизайн студиясының директорымен бірлесіп, «AQBOKEN» тренері Сейтпеков Д.М. мен Сәтбаев қаласы бөлімінің қызметкерлерімен «Біз терроризмге ҚАРСЫМЫЗ!» атты әлеуметтік акция өткізілді. Оған 10-сынып оқушылары қатысты. Акция барысында келесі мәселелерге тоқталды: терроризм және экстремизм ұғымы; қоғамдық қауіп, терроризмнің себептері және экстремизм мысалдары; жастар арасындағы экстремизм құбылысы; терроризм мен экстремизмге қарсы тұру; жастар арасында экстремизмнің алдын алу. Акция соңында полиция полковнигі Г.Ш. Жалмурзинова және Сәтбаев қаласы ІІБ ЖПҚ жедел уәкілі полиция капитаны Ж.А.Жақсалықов белсенділік танытқаны үшін оқушыларға сертификаттар табыстады.
https://alkeimargulan.edu.kz/kz/2021-01-27-15-38-19/2021-11-03-04-28-03/416-biz-terrorizmge-arsymyz-atty-leumettik-aktsiya-tkizildi#sigFreeId7d30e95314