11 «Б» сыныбында 7.10 күні , «Терроризмнің алдын алу шаралары мен түсіндіру жұмыстары» тақырыбы бойынша сынып сағаты өтті.
Терроризм - [ лат. terror - қорқыныш, үрей] - саяси мақсатты сылтауратып күш қолдану; ұғым XVIII соңында ұлы француз төңкерісі кезінде якобиндықтар жүргізген репрессиялық саясатты атауда қолданылды. Террорлық әрекеттің басты мақсаты қоғамда үрей, қорқыныш, әбігер туғызу, елдің тыныштығын бұзу, өзіне көпшіліктің назарын аудару арқылы өздерін үлкен саяси күш ретінде таныту болып табылады.
Мақсаты:
1.Оқушыларға терроризм туралы терең түсінік беру,оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру.
2.Жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық,діни сипаттарын ұғындыра отырып,оларды террорлық,лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу.
3.Жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру.
https://alkeimargulan.edu.kz/kz/2021-01-27-15-38-19/2021-11-03-04-28-03/381-terrorizmni-aldyn-alu-sharalary-men-t-sindiru-zh-mystary#sigFreeId3f8b4a879a