19.10.21 күні мектебімізідің "Талап" өзін-өзі басқару ұйымының «Құқық және Тәртіп» фракциясының жетекшісі Шүленова Нұрай «Мектептегі оқушының тәртібі» атты мектепте тәртіп секторлары арасында тәрбие сағатын ұйымдастырды.
Мақсаты: Оқушының құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру; Оқушыларды адам құқықтарына оқыта отырып, түрлі өмірлік жағдайларда өз мүмкіндіктерін жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту. Ұйымдастырылған тәрбие сағатына 5-11 сыныптар белсене қатысты. Сонымен қатар тәрбие сағатында мектепте оқушының тәртібі бала құқығы туралы ақпарат берілді. Тәрбие сағатына мектебіміздің аға тәлімгері Орынбаева Мөлдір Еркінқызы және мектеп Президенті Курикова Амина қатысуымен өтті.
https://alkeimargulan.edu.kz/kz/2021-01-27-15-38-19/2021-11-03-04-15-44/377-y-zh-ne-t-rtip-fraktsiyasy-bojynsha-is-shara#sigFreeId33500ba3a2