Created: 03 Қараша 2021
33

“Өзін-өзі басқару”ұйымының президенттігіне және мүшелігіне сайлау науқаны өткізілді

“15 жалпы білім беретін мектебі” КММ-де 15 қыркүйек күні “Өзін-өзі басқару”ұйымының президенттігіне және мүшелігіне сайлау науқаны өткізілді.

Мақсаты: Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру. Өзін-өзі басқару жұмысына жетелеу, ұжымдық жауапкершілікті сезіне білуге қалыптастыру. Оқушының дүниетанымын, жан-жақты ойлау қабілетін, ой-өрісін дамытуға, көп ізденуге, бірін-бірі тыңдап, өз ойларын еркін айтуға дағдыландыру.

9-10 сыныптар арасынан мектеп президенттігіне 12 үміткер қатысты.

Ерболат Айбол 9 «А» қ.б

Алдаберген Ханшайым 9 «А» қ.б

Мазуренко Надежда 9 «А» о.б

Сарыбаева Сандуғаш 9 «Б» қ.б

Өмірзақ Маржан 9 «Б» қ.б

Дәрібай Темірлан 10 «А» қ.б

Шуленова Нурай 10 «А» қ.б

Әжмағанбетова Нұрайым 10 «А» қ.б

Курикова Амина 10 «А» о.б

Айкумбаева Жанерке 10 «А» о.б

Әмірше Мунира 10 «Б» қ.б

Болат Аружан 10 «Б» қ.б

Әр үміткер дауыс беру күніне дейін өздерінің сайлау алды бағдарламаларын ұсынды. Барлық карантиндік шараларды ескере отырып 17-ші қыркүйек күні мектебімізде дауыс беру басталды. Сайлау нәтижесі бойынша жеңіске 10 «А» сынып оқушысы Курикова Амина жетіп, “Өзін-өзі басқару” ұйымының Президенті болып, ал «Жас Ұлан» бірыңғай жасөспірімдер ұйымының Ұланбасы болып Әжмағанбетова Нұрайым сайланды.