1-желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні бекітілген жоспарға сәйкес 9-сыныптар арасында сынып жетекшілері Г.М.Койлыбаева мен Г.К.Сайдалинаның ұйымдастыруымен шығармалар сайысы өтті.
Мақсаты: Оқушыларға ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгерту. Зиянды әдеттерден аулақ болып,өзін де,өзгені зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге,салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Оқушыларға интербелсенді тақта арқылы ЖИТС-тің алдын-алу, жұғу жолдары туралы мағлұмат берілді. Оқушылар өз ойларын, пікірлерін қорытындылап шығарма түрінде жазды.
https://alkeimargulan.edu.kz/kz/2021-01-27-15-38-19/2021-10-11-07-39-51/475-1-zhelto-san-d-niezh-zilik-zhits-ke-arsy-k-res-k-ni#sigFreeId7f22cdb5f0