Created: 06 Желтоқсан 2021
49

Бабамнан қалған кең дала Н. Ә. Назарбаевтың сөздеріне жазылған әндерді орындау атты тәрбир сағаты өтті

Қараша айының 30-ы күні "№15 жалпы білім беретін мектебі" КММ-нің 1-2 сыныптар арасында Омарова Раушан мен Божбанбаева Гульмира ның ұйымдастыруымен өткен "Бабамнан қалған кең дала" Н. Ә. Назарбаевтың сөздеріне жазылған әндерді орындау атты тәрбир сағаты өтті.

Мақсаты: тұңғыш президентіміз Н. Ә. Назарбаев туралы мағлұмат бере отырып, елін, жерін сүюге тәрбиелеу. Сынып сағатында оқушылар әріптерден сөздер құрастырып, ҚР картасын пазл арқылы құрастырды, викториналық сұрақтарға да жауап берді. Соңында оқушылар Н. Ә. Назарбаевтың сөзіне жазылған өлеңдерді шырқады.