24.11. күні 10 «Б» сыныбында «Жалпы адамзаттық құндылықтар» атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, баланың жеке тұлғалық қабілетін қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына жауапкершілігін қалыптастыру.
Адамгершілік қасиет ең бірінші әр оқушының отбасын сыйлаудан басталады. Әке - шешеге ешқашан дауыс көтеруге, сөз қайтаруға болмайды. Ата - анасын сыйламаған адам басқа біреуді сыйлап жетістірмейді. Ата - ананы ренжітпеу – әр баланың өмір бойғы міндеті.
Адам қандай жоғары лауазымда қызметте жүрсе де ізеттілікті жоғалтпауы тиіс.
Үлкен адамдарға қоғамдық көліктерде орын беру, сұрақтарына дұрыс жауап беру қажет.Оқушылар арасында пікір-талас болды, сұрақ жауап арқылы кері байланыс жүргізілді. Сынып оқушылары белсене қызығушылықпен қатысты.
https://alkeimargulan.edu.kz/kz/2021-01-27-15-38-19/2021-10-11-07-39-51/467-24-11-k-ni-10-b-synybynda-zhalpy-adamzatty-ndyly-tar-atty-t-rbie-sa-aty-tti#sigFreeIdb70e367e2b