Created: 23 Қараша 2021
29

«Бала құқығы-адам құқығы» апталығы аясында 5 «А» сыныбында «Права нужны, а обязанности важны!» деген тақырыпта танымдық сынып сағаты өтті

20 қараша-Дүниежүзілік балалар күні қарсаңында мектебімізде «Бала құқығы-адам құқығы» апталығы аясында 5 «А» сыныбында «Права нужны, а обязанности важны!» деген тақырыпта танымдық сынып сағаты өтті. Іс шараның мақсаты оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат бере отырып, өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра алуға, өмірде қолдана білуге үйрету, құқықтық білімдерін толықтыру. Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру. Еліміздің Ата заңын құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие беру. Сынып сағаты барысында  оқушылар «Жасырынған сөздер» ойыны, үлестірмелі қағаздағы тапсырмаларды орындап өз құқықтары жайлы білімдерін толықтырды. Сондай-ақ білім алушыларға міндеттері жайлы айтылып, ситуациялық тапсырмалар берілді. Іс шара соңында балаларға  оқушының міндеттері жазылған жадынама таратылды.