Created: 04 Қараша 2021
36

Tәрбиелік мәні мол мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.

Ел тәуелсіздігінің 30-жылдық тарихи кезеңіне орай, Қазақ даласының дара ұстазы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы республикалық деңгейде аталып өтуде. Аталмыш іс- шара «Кел, балалар, оқылық!» апталығы аясында №15 ЖББМ аталып өтті.

Ұлы ағартушының білім беру саласындағы еңбектерін насихаттап, түсіндіре отырып, оқушыларды оқуға,парасаттылыққа, еңбекқорлыққа баулып, тарихи тұлғаны құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу мақсатында танымдық -тәрбиелік мәні мол мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Сайыс барысында оқушылар Ы.Алтынсариннің өлеңдерін оқып, «Әке мен бала», «Бақша ағаштары» әңгімелерінен көрініс қойылды. Әсем ән мен күмбірлеген күй тартылып, кеш өте жағымды көңіл- күй сыйлады.