Created: 03 Қараша 2021
21

Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған атты сахналық қойылым сайысы

21.10 күні Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай 2-3 сыныптар арасында "Өнер,  білім - бәрі де оқуменен табылған" атты сахналық қойылым сайысы өтті.

Мақсаты:Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері арқылы оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа,жақсы мен жаманды айыра білуге, достық пен дұшпандықты айыра білуге тәрбиелеу.

Сайыстың шарты әр сынып оқушылары

Ы. Алтынсариннің шығармаларынан қойылым қою. Сайысқа барлық сынып оқушылары белсене қатысты. Қатысушылар өздеріне берілген рөлді жетік меңгерген және рөлдерін сахнада  жоғары деңгейде сомдады. Қатысқан сыныптарға орын беріліп және ерекше көзге түскен қатысушылар номинациялар бойынша марапатталды. Іс шара барысында қатысушылар әр қойылымның тәрбиелік мәнін аша білді.