Created: 03 Қараша 2021
29

Қазан айының 27-ші жұлдызында 1 «В» сынып оқушыларының қатысуымен сынып сағаттары өткізілді

Ол-Ұлттың ұлы-ұстазы! «Кел,балалар оқылық!»-деп күллі адамзат баласын оқуға шақырған ұлы тұлға.Ендеше, биыл қазақтан шыққан алғашқы педагогтың туғанына 180 жыл толып отыр. Мұндай айтулы күнде, біз жастардың түйсігіне Ы.Алтынсариннің жүзеге асыруға тырысқан мақсатын ары қарай жандандырып, жүзеге асыру аясында және ағартушының бізге қалдырып кеткен еңбектерін қадірлеп, ол еңбектердің мәңгі өмір сүруін қамтамасыз ету мақсатында қазан айының 27-ші жұлдызында 1 «В» сынып оқушыларының қатысуымен сынып сағаттары өткізілді.Оқушылар осы орайда ағартушы жайлы біраз мәліметтер алып,қазақтың ұлы тұлғасы туралы білуге құштарлықтары артып,оның еңбектеріне сүйіспеншілік таныта білді.Ағартушының балалық шағына зейін аударып тыңдай келе,өлең жолдарынан үзінділер айтып,ағартушы жайлы коллаж құрастыру арқылы білімдерін жетілдіре түсті.Алдағы күндерде ұлы тұлғаның білім жолындағы еңбегі қазіргі жас ұрпаққа үлкен үлгі, мұра болып қалары сөзсіз.