Created: 23 Қазан 2021
30

"Шеберлер еліне саяхат" атты эстетикалық сауаттылық апталығы басталды

Сәтбаев қаласының №15 жалпы білім беретін мектебінде 11 -қазан күні көркем еңбек, музыка әлеміне қызығушылығын арттыру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мақсатында "Шеберлер еліне саяхат" атты эстетикалық сауаттылық апталығы басталды. Мақсаты: Сәндік қолданбалы өнерінің түрлерімен таныстыру, әсемдікті сезіну, ою - өрнекті үйлесімді құрылым жасай орналастыру арқылы кеңістікті бағдарлау дағдыларын қалыптастыру. Балалардың ой - қиялының, шығармашылық белсенділігінің және эстетикалық талғамының артуына мүмкіндік жасау.