9Б қазақ бөлімі және 9А орыс бөлімінде сынып жетекшілері Сайдалина Г.К., Қойлыбаев Г.М. ұйымдастыруымен «Оқушылардың құқықтары мен міндеттері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: оқушының құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру. Оқушыларды адам құқықтарына оқыта отырып, түрлі өмірлік жағдайларда өз мүмкіндіктерін жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту.Қазақстанның болашағына үлесін қоса білетін білімді де, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.
Дөңгелек үстел барысында оқушыларға құқықтары мен міндеттері, заңдары туралы ақпарат айтылды. Өз құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін одан әрі шындады. Барлығы белсене қатысып, өз ойларын ашық жеткізді. Оқушының құқықтары мен міндеттері туралы бейнематериалдарды көре отырып тақырыпты жан-жақты талқылады. Алған білімдерін қағаз бетіне топтастырыру әдісі арқылы сызып, бір-бірімен пікір алмасты.
https://alkeimargulan.edu.kz/kz/2021-01-27-15-38-19/2021-10-11-07-39-51/274-o-ushylardy-y-tary-men-mindetteri-ta-yrybynda-d-gelek-stel#sigFreeId6e1f52e71a