Created: 11 Қазан 2021
49

«Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай»

«Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» тақырыбында өткізілген адалдық сағаты

Бүгінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен қазақ және орыс тілдерінде тиісті бейне дәріс әзірленді. Осы орайда, а.ж. 18 мамырында кезекті Республикалық «Адалдық сағаты» «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» тақырыбында онлайн форматта ұйымдастырылды. Мақсаты: жасөспірімге жақсы біліммен қатар әділдік, парасаттылық және сенім құндылықтарының маңызын түсіндіру. Биыл ұлтымыздың ұлы перзенті, дана ойшыл Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойы. Ол өзінің 176 өлеңі, 3 поэмасы мен 45 қара сөзін бізге өнегелі мұра ретінде қалдырды. Еңбектеріне зер салсақ елдің алға жылжуына тілектес болғанын, адал енбекті, жалпы адалдық қасиеттерін дәріптейтінін байқаймыз. Халқымыз ұлы ойшыл жайлы : «Абай болу алдымен адам болу» дейді. Сондықтан Абайдың әдеби еңбектерін жастарға кең көлемде дәріптеу саналы ұрпақты тәрбиелеудің жарқын үлгісі