Created: 28 Сәуiр 2021
57

№15 жалпы білім беретін мектебі

«№15 жалпы  білім беретін мектебі» КММ 27 - сәуір күні Қазақстан Республикасының 1 –мамыр бірлік күніне орай еліміздің Тұңғыш президенті Н.Ә Назарбаевтың бастамасымен «Жас Ұлан, Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны  мектебіміздің фаесінде  өткізілді. Жиынды мектептің аға тәлімгері Орынбаева М.Е. және «Талап» оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының патриотизм фракциясының көшбасшысы Әжмағанбетова Н. ұйымдастырды. Салтанатты жиынды ҚР-ның ән ұранымен ашылды.

Осы іс-шараға мектеп әкімшілігі, мектеп ұстаздары және «Жас Ұлан» ұйымының оқушылар қатысты.  Мектебімізден «Жас Ұлан» ұйымына 28 - оқушы, «Жас Қыран» ұйымына 13 – оқушы, барлығы  37 - оқушы қабылданды. Ұйымға қабылданушы оқушылар «Өз Отаны – Қазақстанның патриотты болуға «Жас Ұлан , Жас Қыран» ережесін бұлжытпай сақтауға, өзінің достарынан соңы талап ете отырып, Отанды сүюге салтанатты түрде Антты берді. «Жас Ұлан» ұйымына Ант қабылдау рәсімі мектебіміздің 5 «В» сынып оқушысы Жақсылық Саламат  Дәуренұлы Ант берді. Ұйым қатарына қабылданған оқушыларды мектеп директоры А.Тлемисова құттықтады.