Қазіргі таңдағы күрделі мәселелердің бірі- қоғамдағы сыбайлас жемқорлық. Осы орайда 11 сынып оқушылары арасында тақырып төңірегінде дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс шараның мақсаты оқушылардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, құқықтық сауаттылығын арттыру. Отанына адал болуға, терең білім мен адал еңбекке ұмтылуға, адалдық пен парасаттылықты әрдайым жоғары қоюға тәрбиелеу. Дөңгелек үстел барысында оқушыларға сыбайлас жемқорлық ұғымы жайлы түсінік берілді, сыбайлас жемқорлықтың себептері, түрлері жайлы айтылды. Оқушылар бұл індетпен қалай күресуге болатыны жайлы өз ойларын ортаға салды.
https://alkeimargulan.edu.kz/kz/2021-01-27-15-38-19/152-azirgi-ta-da-y-k-rdeli-m-selelerdi-biri-o-amda-y-sybajlas-zhem-orly#sigFreeId01c2e3e625