Created: 27 Қантар 2021
30

"XXI ғасыр-сауатты ұрпақ ғасыры!" оқу сауаттылығы апталығы аясында "KitapFest" кітап фестивалі ұйымдастырылды

"XXI ғасыр-сауатты ұрпақ ғасыры!" оқу сауаттылығы апталығы аясында "KitapFest" кітап фестивалі ұйымдастырылды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Есмаганбетова Калдыгуль Абикеновна мен 6-сынып оқушысы Перегуда Никита қаламыздың құрметті азаматы, еңбек ардагері энергетик , қоғам қайраткері Яхия Асатовпен кездесу өткізді. Мақсаты Я.Асатовтың өнегелі өмірін жас ұрпаққа үлгі ету, естелік тыңдау арқылы жас ұрпақ пен ересек буын арасындағы сабақтастықты, байланысты нығайту. Кездесу барысында Ұлытау өңіріне еңбегі сіңген тұлғалар Қ.Сатпаев пен Ә.Марғұлан туралы естеліктер айтылып, тарихтың қойнауынан сыр шертілді.