25- қаңтар «Біздің айналамыздағы математика» математикалық сауаттылық апталығы аясында Гүлдерай Жомартқызының жетекшілігімен, 5 «Б» сыныбында «Адам өміріндегі математика» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Сынып сағатының мақсаты: Оқушыларға математиканың адам өміріндегі маңызын ұғындырып , оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру.Сынып сағаты барысында математика маңызы жайлы түсіндірілді. Математиканың шығу тегі, математика аталары туралы да мәлімет берілді. Оқушылар сандар жайлы ырымдар, мақалдар айтып, қызықты сұрақтарға жауап беріп, белсенділікпен қатысты. Қорытындылай келе, осы айтылған мысалдардан “Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика” дей келе, барлық оқушылар өздері дұрыс қорытынды шығарып, яғни өмірдің өзі математикасыз, есепсіз болмайтынына көз жеткізді.
https://alkeimargulan.edu.kz/kz/2021-01-27-15-37-50/78-adam-mirindegi-matematika-ta-yrybynda-synyp-sa-aty-tti#sigFreeId066bb25d10