Created: 22 Қараша 2021
62

Әліппе сабағынан үзінді

Сәтбаев қаласының №15 жалпы білім беретін мектебі 1 "В" сыныбында әліппе сабағы. Сабақтың тақырыбы: Кк дыбысы және әрпі. Күтілетін нәтиже. Оқушыларды жан-жақтылыққа, табиғат ананы қадірлеуге тәрбиелеу. Оқушылар зерттеу және зерделеу арқылы Оригами құрастырады. яғни кеменің жасалу жолын түсіну арқылы әріппен танысты. Көркем жазу дағдылары қалыптастырылды және "Оң мен сол" сауатты оқу және жазу дағдылары қалыптасты. Оқушылар сабақ соңында өздерін ынталандыру мақсатында көңіл күй смайликтерімен өзін өздері "Менің теңізім" әдісі арқылы бағалады. Сабақ оқушыларға ұнады. Белсенділік танытып, пәнге деген қызығушылықтары артты.