Created: 22 Қараша 2021
56

"Қосу мен азайту"тақырыбы бойынша математика сабағынан үзінді

Қараша айының 15-ші жұлдызында 1"В" сыныбында сынып жетекшісі Г.Т Божбанбаеваның жүргізумен өткен "Қосу мен азайту"тақырыбы бойынша математика сабағынан үзінді.

Сабақтың мақсаты: Біртаңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін құру, білу, қолдану. Қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолдану. Математикалық сауаттылығын арттыру, шапшаңдыққа баулу.

Сабақ көрнекілігі: Тақырыпқа сай карточкалар мен қима қағаздар, деңгейлік тапсырмалар.

Оқыту әдісі: "Оң мен сол қол" әдісі арқылы шапшаң есептеу. Көрсету, түсіндіру, талдау, жинақтау. Бүгінгі сабақ оқушыларға ұнады, өзін-өзі бағалау және ынталандыру мақсатында көңіл-күй смайликтері қолданылды. Оқушылар сабақ соңында алған әсерлерімен бөлісті.