Created: 02 Қараша 2021
45

Д дыбысы мен әрпі тақырыбында әліппе сабағы

Сәтбаев қаласының #15 жалпы білім беретін мектебінің 1"Б" сыныбында өткен әліппе сабағы.

Сабақтың тақырыбы: Д дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: 1. Д дыбысы, әрпі туралы түсінік беру. Д - дыбысы бар сөздерді дұрыс оқуға жаттықтыру

  1. Оқушылардың білім - білік дағдыларын қалыптастыра отырып оқуға деген ынтасын, қызығушылығын арттыру. Сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту.

  2. Ұқыптылыққа, нақтылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу;

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе буын, суреттер, ойындар.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, қайталату;

Оқушылармен бірге өткен тақырыпты қайталай отырып, жаңа сабақты меңгердік.Сабаққа оқушылар өте белсенді қатысты.