Кел, балалар, оқылық
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық ,-
деп жырлаған ағартушы, педагог, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсаринның 180 жылдығына орай «№15ЖББМ» КММ іс-шаралар көрініс тапты.
Мақсаты, ұлы ұстаз, қоғам қайраткері, ағартушы тұлға – Ыбырай Алтынсариннің мол мұрасын жас ұрпаққа насихаттау, өлеңдерін мәнерлеп оқуға үйрету.
Сынып сағаттарында оқушылар Ы. Алтынсариннің өнегелі өмірімен танысып, әңгімелерін оқып, оқушылар өз пікірлерін ортаға салды.
Сонымен қатар мектебіміздің ұстаздары Г.Габиденовна, К.Аждаровна , К.Абикеновна Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған облыстық ғылыми- тәжірибелік конференцияға қатысып, «Білім берудегі жаңашыл технологиялар және оның маңызы» бағытында өз баяндамаларын жасады.
https://alkeimargulan.edu.kz/kz/2021-01-27-15-37-50/324-ybyraj-altynsarinny-180-zhyldy-yna-oraj-15zhbbm-kmm-is-sharalar-k-rinis-tapty#sigFreeIdfb81f77c1b