Created: 22 Маусым 2021
48

«Артық білім - кітапта»

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласындағы «№15 жалпы білім беретін» мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері   «Бірге оқимыз» жобасы аясында педагогикалық   тәжірибелерімен бөлісті.

Тақырыбы «Артық білім - кітапта»

Мақсаты: Мұғалімнің күнделікті іс-әрекет барысында меңгерген өзіндік жаңалығымен, тәжірибелік білімі  және шығармашылығымен  бөлісу.

Өз тәжірибелерімен бөліскен Каскатаева Р.А мен Мұздрапова Г.Қ  тақырыптың өзектілігі мен күтілітен нәтижесін және тың әдіс- тәсілдерін, жұмыс барысын көрсетті.

Қазір балалардағы тілдік, сөздік қордың аздығы , өз ойын еркін жеткізе алмауы, тілдің шұбарлығы, бос уақытында ұялы телефон мен көбірек дос болуы бұл қоғамдағы ең өзекті мәселе екені айтылып  атқарылған жұмыстар көрсетілді. Үлкенге де, кішіге де кітап оқуға кеңес бере отырып оқыр кітабымыз көп болғай деп өз жұмыстарын аяқтады.