«№15 жалпы білім беретін мектебі» КММ көктемгі каникулда өткізілетін ісшаралар жоспарына сәйкес «Сарыарқа саңлағы» атты жастар жобасын іске асыру аясында ұлы ойшылдарымыз Ыбырай Алтынсарин, Жамбыл Жабаев және Әлихан Бөкейхановтардың мәдени мұраларын сақтау және арттыра түсу мақсатында пікірталас ойынының мектепішілік кезеңі өтті. Жарысқа 8-9 сынып оқушылары қатысты. Дебат «Әлихан Бөкейхановтың қазақ тарихындағы алар орны» атты тақырыбында өткізілді. Ойынның негізгі мақсаты командалардың бір-бірімен өзара тәжірибе алмасу болды. Алдағы уақытта осындай пікірталас ойындарын өткізу жоспарлануда.
https://alkeimargulan.edu.kz/kz/2021-01-27-15-37-50/148-saryar-a-sa-la-y#sigFreeIdc1dca6a1d5