Created: 27 Қантар 2021
35

«Менің таңдауым» жобасының І жартыжылдық есебі

«Менің таңдауым» жобасы аясында  мектебімізде көптеген іс –шаралар өткізілді. Осы іс – шараларды өткізудің басты мақсаты  оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау, кәсіби бағдар беру, түрлі жаттығулар арқылы таным процестерін дамыту, өз пікірін еркін айтып, өзгенің пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу.

« Менің болашақ мамандығым» тақырыбында 7 «А», 7 «Б», 7 «В»  сыныптар арасында суреттер көрмесі өтті. Көрмеде оқушылар болашақ мамандықтарын қағаз бетіне суреттеп салды.

Іс- шараның мақсаты: балалардың  мамандық туралы  түсініктерін  дамыту,  кеңейту.  Мамандық ерекшеліктері  мен  пайдасын  ажырата  білуін  үйрету.  Балалардың  сөздік  қорын молайтып, байланыстыра  сөйлеуін  жетілдіру.  Тілін  дамытып,  әр  бала  өз  ойын  еркін айта  білуге  дағдыландыру.  Әр  мамандық  түріне  керек  құралдарын  білуге үйрету.