4 қараша 2021 жылы күзгі демалыста мектеп оқушылары үшін мамандықтар бойынша кәсіптік сынама өткізілді. Кәсіптік сынамаға мектебіміздің 9 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар мамандықтар жайында мағлұмат алды. Оқытушылармен кездесіп, оқу орнына саяхат жасады, оқу орнының материалдық-техникалық базасымен, оқу аудиториялары, спорт кешенімен танысып шықты. Өздерін қызықтырған мамандықтар жайлы сұрақтарына жауап алды.