«Өнегелі өмір» жобасы аясында Сәтбаев қаласының «№15 жалпы білім беретін мектебі» КММ10 «а» және 10 «Б» сыныптарымен «Мамандық үздігі» тақырыбында ІІБ-нің зейнеткері полковник Бейсенбаева Орынбасар Фазылқызымен онлайн кездесу өтті.
Кездесуміздің мақсаты: мамандық үздігінің еңбегін үлгі ете отырып, мамандық таңдау кезінде оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу. Адам өмірінде мамандықтың алатын орны, маңызы туралы түсінік қалыптастыру.
Кездесуде қонағымыздың ІІБ-нің зейнеткері полковник Бейсенбаева Орынбасар Фазылқызының өмір баяны, жетістіктері, осы мамандық саласындағы қиындықтар мен қызықшылықтармен жайында ауқымды әңгіме қозғалды. Оқушылар тарапынан қонағымызға көкейлерінде жүрген сұрақтар қойылып, ойға қонымды, ұшқыр ойлы жауаптар алынды.
Адам өміріндегі қандай болса да мамандықты сүйіп, құрметтей білген адам ғана үлкен белестерді бағындырып,жетістіктер мен табыстарға жете білетіндігін оқушылар осы кездесуде ойларына тоқыды.