«Отбасы сағаты» облыстық жобасы аясында «Мамандықты дұрыс таңдау – табысты өмірдің кілті» тақырыбында тікелей эфир өтті. Тікелей эфирдің спикерлері «№15 жалпы білім беретін мектебі» КММ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Сандикпаева Индира Бауыржановна, «№15 жалпы білім беретін мектебі» КММ 11-сынып жетекшісі Окетаева Гульшат Габиденовна, Көкшетау қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы университеттің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Нуркина Жанара Базарбаевна, «№15 жалпы білім беретін мектебі» КММ жас түлегі, мектептің «Талап» өзін-өзі басқару ұйымының президенті Деревцов Егор болды.
Эфир барысында қоғамның назарын, соның ішінде ересектерді, балаларды және олардың ата-аналарын мамандықты дұрыс таңдау мәселеріне аударып, осы салада ақпараттандырылды. Отбасы сағаты барысында жеке тұлғаның тиімді мамандық тандауда профессионалды түрде кәсіби кеңес өткізу керектігі туралы, жеке тұлғаның тиімді кәсіби мамандық таңдауда өзін-өзі анықтау барысындағы педагог-психологтың тиімді жұмысының бағыттарымен танысты.
https://alkeimargulan.edu.kz/kz/2021-01-26-05-27-31/124-mamandy-ty-d-rys-ta-dau-tabysty-mirdi-kilti#sigFreeId72987bf719