Created: 03 Ақпан 2021
52

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы

Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 желтоқсанда № 17948 болып тіркелді.

       "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидалары бекітілсін.
  2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

       1) "Орта білім беру ұйымдарында оқитындарды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбие алатын және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарлар сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 717 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12788 болып тіркелген, 2016 жылғы 25 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

       2) "Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарлар сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 717 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 22 ақпандағы № 76 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14956 болып тіркелген, 2017 жылғы 21 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі

Е. Сағадиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрі

      ____________________

      2018 жылғы "____" __________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ____________________

      2018 жылғы "____" __________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

       __________________

      2018 жылғы "____" __________

 

 

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 31 қазандағы
№ 598 бұйрығымен
бекітілген

 

 Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидалары

       Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 № 235 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу тәртібін белгілейді.
  2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) әлеуетті өнім беруші - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкер, заңды тұлға (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда);

      2) бірыңғай ұйымдастырушы - Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдігі немесе аудан, қала, қаладағы аудан әкімдігі айқындаған, орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      3) конкурстық құжаттама - конкурсқа қатысуға өтінімді дайындау үшін конкурсты ұйымдастырушы, конкурсты бірыңғай ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге ұсынатын және конкурсты өткізу шарттары мен тәртібін қамтитын құжаттар;

      4) конкурсты ұйымдастырушы (тапсырыс беруші):

       орта білім беру ұйымдарында - орта білім беру ұйымы, орта білім беру ұйымы бухгалтерлік есепті өз бетінше жүргізбеген жағдайда білім беруді басқару органы немесе орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыру"Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заң) сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу арқылы жүзеге асырылған жағдайда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы не облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша басқа орган;

      мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында - мектепке дейінгі білім беру ұйымы, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы бухгалтерлік есепті өз бетінше жүргізбеген жағдайда, мектепке дейінгі білім беру ұйымы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы немесе білім беруді басқару органы;

      5) Қазақстан Республикасының резиденттері - шет мемлекетте тұрақты тұру құқығына осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген құжаты бар азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде шетелде уақытша жүрген немесе одан тыс жерлерде мемлекеттік қызметте жүрген азаматтары;

      Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына құжаты бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, оның аумағында орналасқан заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде орналасқан олардың филиалдары мен өкілдіктері;

      Қазақстан республикасының одан тыс жерлердегі дипломатиялық, сауда және өзге де ресми өкілдіктері;

      6) қаржы жылы - ағымдағы жылғы 1 қаңтарда басталып, 31 желтоқсанда аяқталатын уақыт аралығы;

      7) көрсетілетін қызметті берушіні таңдау өлшемшарттары - әлеуетті өнім берушінің қызмет көрсетуі бойынша мүмкіндіктері мен жағдайларын бағалау негізінде жасалатын белгілер;

      8) құжаттың электронды көшірмесі - түпнұсқа құжаттың түрі мен ақпаратын (деректерін) электрондық-цифрлық нысанда толық күйге келтіретін,өтініш берушінің немесе осы құжатты куәландыруға өкілеттігі бар тұлғаның не мемлекеттік қызметті алушы жеке өзі қатысқан кезде берген жазбаша келісімінің негізінде халыққа қызмет көрсету орталығының уәкілетті қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған құжат;

      9) мемлекеттік-жекешелік әріптестік - мемлекеттік әріптес және жекешелік әріптес арасындағы "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" заңда (бұдан әрі - Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заң) айқындалған белгілерге сәйкес келетін ынтымақтастық нысаны;

      10) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты - мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты тараптарының құқықтарын, мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының өзге де талаптарын айқындайтын жазбаша келiсiм;

      11) мемлекеттік сатып алу веб-порталы (бұдан әрі - веб-портал) - мемлекеттік органның сатып алудың электронды қызметтеріне бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын ақпараттық жүйесі;

      12) орта білім беру ұйымы - бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;

       13) отандық қызмет көрсетушілерді, тауар өндірушілерді қолдау - 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 17-бабының 1-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметтердің, тауарлардың отандық өндірісін дамытуды ынталандыру үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі шаралар;

      14) өнім беруші - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, қызмет көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы шарт жасасқан заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда);

      15) сатып алудың сәйкестендіру коды - сатып алудың барлық кезеңдері туралы ақпарат қамтылған әрбір сатып алуға (лотқа) берілетін сәйкестендіру нөмірі.

 2-тарау. Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру тәртібі

  1. Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру:

       1) конкурстық негізде білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды сатып алу арқылы жүзеге асырылады;

       2) мектеп асханасының жабдығы болмаған және/немесе тозған жағдайда жаңа жабдыққа ауыстыру мақсатында орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңға және осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады;

      3) орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету жолымен жүзеге асырылады.

 1-параграф. Конкурстық негізде білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды сатып алу

  1. Конкурстық негізде білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды сатып алу мынадай дәйекті іс-қимылдарды орындауды көздейді:

      1) қызметті немесе тауарларды сатып алу жоспарын әзірлеу және бекіту, конкурсты конкурсты ұйымдастырушы, конкурсты бірыңғай ұйымдастырушы өткізген жағдайда, Тапсырыс берушінің веб-портал арқылы конкурсты ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін қызметтерді, тауарларды сатып алудың жылдық жоспарының (қызметтерді, тауарларды сатып алудың алдын ала жылдық жоспарының) тармақтарын жіберуі;

      2) конкурстық комиссияның құрамын, байқаушыларды қалыптастыру және бекіту, конкурсты ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы өткізген жағдайда, конкурстық комиссияның құрамына тапсырыс берушінің қызметкерлерін енгізу міндетті емес;

      3) конкурстық құжаттаманы бекіту;

      4) өнім берушіні таңдау рәсімін жүзеге асыру туралы хабарландыруды, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың мәтінін веб-порталда орналастыру;

      5) әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерді электрондық құжат нысанында ұсынуы және оларды веб-порталда автоматты түрде тіркеуі;

      6) өтінімдерді автоматты түрде ашу және тиісті ашу хаттамасын веб-порталда орналастыру;

      7) конкурстық комиссияның веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін олардың біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарауы;

      8) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау және оларды конкурсқа қатысушылар деп тану;

      9) конкурс жеңімпазын, сондай-ақ екінші орын алған әлеуетті өнім берушіні анықтау және сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы веб-порталда орналастыру;

      10) конкурс қорытындылары туралы хаттама негізінде тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының жеңімпазбен шарт жасасуы.

  1. Қызметті немесе тауарларды сатып алуды ұйымдастырушының немесе тапсырыс берушінің қызметті немесе тауарларды сатып алудың бекітілген жоспары негізінде конкурсты ұйымдастырушы не бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асырады.
  2. Тиісті бюджет негізінде тапсырыс беруші немесе, егер тапсырыс беруші мен конкурсты ұйымдастырушы бір тұлға болған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы тиісті бюджет бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметтерге немесе тауарларға қажеттілік негізінде қаржы жылына арналған көрсетілетін қызметтерді немесе тауарларды сатып алу жоспарын әзірлейді және бекітеді.

      Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен тамақпен қамтамасыз етілетін білім алушылар болмаған жағдайда тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді немесе тауарларды сатып алу жоспарында бюджет қаражаты көрсетілмейді және әлеуетті өнім берушінің және (немесе) өнім берушінің өтінімді қамтамасыз етуі, шартты орындауы енгізілмейді.

  1. Тапсырыс беруші немесе, егер Тапсырыс беруші мен конкурсты ұйымдастырушы бір тұлға болған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы қызметті немесе тауарларды сатып алу жоспары бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны веб-порталда орналастырады.

      Тапсырыс беруші ұйымдастырушыға, бірыңғай ұйымдастырушыға конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін ақпарат пен құжаттарды ұсынады.

  1. Қызметтерді немесе тауарларды сатып алу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу тапсырыс берушінің немесе, егер тапсырыс беруші мен конкурсты ұйымдастырушы бір тұлға болған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушының бюджетіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда жүзеге асырылады.

      Тапсырыс беруші немесе, егер тапсырыс беруші мен конкурсты ұйымдастырушы бір тұлға болған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы қызметтерді немесе тауарларды сатып алу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды веб-порталда орналастырады.

  1. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы конкурстық комиссияны бекітеді және конкурстық комиссияның хатшысын айқындайды.
  2. Конкурстық комиссия құру және конкурстық комиссияның хатшысын айқындау туралы шешімді ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға қабылдайды.
  3. Конкурстық комиссия конкурсты ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының бұйрығымен құрылады және комиссия мүшелерінің тақ санынан, бірақ кемінде бес адамнан тұрады.

      Конкурстық комиссияның мүшелері өтінімдерді қарайды және комиссияның жоқ мүшелерін ауыстырусыз дауыс беруге қатысады..

  1. Конкурсты ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы конкурстық комиссияның құрамына келісім бойынша веб-порталда тіркелген жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің өкілдерін енгізеді.
  2. Конкурстық комиссияның төрағасы болып ұйымдастырушының,бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысының орынбасарынан, не бірінші басшының немесе оның орынбасарының міндетін атқарушы тұлғадан төмен емес лауазымды адам айқындалады.

       Конкурстық комиссияның төрағасы болмаған жағдайда конкурстық комиссия төрағасының кандидатурасы қайта бекітіледі. Бұл ретте, конкурстық комиссияның төрағасы болып бірінші басшының орынбасарынан төмен емес лауазымды адам, ал ол болмаған жағдайда бірінші басшы айқындалады.

  1. Конкурстық комиссияның төрағасы конкурстық комиссияның қызметіне жетекшілік жасайды және осы Қағидаларда көзделген функцияларды жүзеге асырады.
  2. Конкурстық комиссия оны құру туралы шешім күшіне енген күннен бастап әрекет етеді және шарт жасалған күні өз қызметін тоқтатады.
  3. Конкурстық комиссияның отырысы, егер оған ауыстыру құқығынсыз конкурстық комиссия мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып табылады. Конкурстық комиссия мүшелерінің бірі болмаған жағдайда, конкурстық комиссия отырысының хаттамасында оның болмау себебі көрсетіледі.
  4. Конкурстық комиссияның ұйымдастырушылық қызметін конкурстық комиссияның хатшысы қамтамасыз етеді. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның мүшесі болып табылмайды және конкурстық комиссия шешімдер қабылдаған кезде дауыс беруге қатыспайды.

      Конкурстық комиссияның хатшысы конкурсты ұйымдастыруға және өткізуге жауапты конкурсты ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы болып табылатын органның немесе ұйымның лауазымды тұлғаларының қатарынан айқындалады.

  1. Конкурстық комиссияның хатшысы:

      1) конкурстық құжаттаманы қалыптастырады және веб-порталда орналастырады;

      2) веб-порталда конкурс өткізу туралы хабарландыруды, конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу хаттамасын, конкурс қорытындылары туралы хаттаманы, сондай-ақ болған жағдайда басқа да құжаттарды орналастырады;

      3) осы Қағидаларда көзделген функцияларды жүзеге асырады.

  1. Конкурстық комиссияның отырыстарында конкурсты ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы кемінде екі адамды құрайтын байқаушылардың қатысуын қамтамасыз етеді. Байқаушылардың құрамына конкурсты ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы балалардың құқықтарын қорғау саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың (келісім бойынша), саяси партиялардың (келісім бойынша), мектептердің қамқоршылық кеңестерінің (болған жағдайда), ата-аналар қоғамдастығының өкілдерін енгізеді.

      Мынадай:

      1) конкурс нәтижелеріне мүдделі;

      2) конкурсты ұйымдастырушымен, бірыңғай ұйымдастырушымен не әлеуетті өнім берушілермен не конкурсты ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының, әлеуетті өнім берушінің аффилирленген тұлғаларымен еңбек қатынастары бойынша байланысты;

      3) конкурсты ұйымдастырушының жақын туысы, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаты болып табылатын адамдар байқаушы бола алмайды

  1. Байқаушылар конкурстық комиссияның мүшелері болып табылмайды және конкурстық комиссия шешімдер қабылдаған кезде дауыс беруге қатыспайды.

      Байқаушылар конкурстық комиссияның жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасамайды, әлеуетті өнім берушілердің дербес деректеріне, әлеуетті өнім берушілер қатысатын конкурстық рәсімдерге қатысты мәліметтерді жария етпейді, техникалық жазба құралдарын пайдаланбайды.

  1. Байқаушылардың конкурстық комиссияның жұмысы туралы пікірі конкурс қорытындылары бойынша жазбаша нысанда қалыптастырылады, оны хатшы конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қосып веб-порталда орналастырады, сондай-ақ байқаушылар оны конкурсты ұйымдастырушыға, бірыңғай ұйымдастырушыға, сондай-ақ конкурсты ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының жоғары тұрған органына конкурстың кез келген кезеңінде ұсына алады.
  2. Конкурсты ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Өнім берушіні таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға (бұдан әрі - Үлгілік конкурстық құжаттама) сәйкес конкурстық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді, ол мыналарды қамтиды:

       1) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушылар санаттарының тізбесі, тауарларды жеткізушіні таңдау кезінде - Үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынатын тауарлардың тізбесі;

       2) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес өнім берушіні таңдау бойынша конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырма.

       Қызметті жеткізушіні таңдау кезінде өнім берушіні таңдау бойынша конкурстық құжаттаманың техникалық тапсырмасына тағамдарды, сондай-ақ білім алушылардың жасына байланысты "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысымен бекітілген нормаларға сәйкес келетін граммен есептелетін тағам порциясының массасын көрсете отырып, білім беру органы бекіткен перспективалық мәзір қоса беріледі.

       3) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 4, 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін конкурсқа қатысуға өтінім;

      4) мына есеппен:

      - 150-ге дейін білім алушысы бар білім беру ұйымдарында - кемінде 1 аспаз, 1 ас үй жұмысшысы;

      - 151-ден 350-ге дейін білім алушысы бар білім беру ұйымдарында - кемінде 1 аспаз, 2 ас үй жұмысшысы;

      - 351-дан 650-ге дейін білім алушысы бар білім беру ұйымдарында - кемінде 1 аспаз, 3 ас үй жұмысшысы;

      - 651-ден 1500-ге дейін білім алушысы бар білім беру ұйымдарында - кемінде 3 аспаз, 4 ас үй жұмысшысы;

      - 1501-ден 2500-ге дейін білім алушысы бар білім беру ұйымдарында - кемінде 3 аспаз, 5 ас үй жұмысшысы;

       - 2501 және одан да көп білім алушысы бар білім беру ұйымдарында-кемінде 3 аспаз, 7 ас үй жұмысшысының болуы туралы растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса отырып, Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтер;

       5) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7, 8-қосымшаларға сәйкес қызметтерді немесе тауарларды жеткізушіні таңдау өлшемшарттары;

       6) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 9-қосымшаға сәйкес Қызмет көрсету туралы үлгілік шарт және 10-қосымшаға сәйкес Тауарларды жеткізу туралы үлгілік шарт.

  1. Конкурс орта білім беру ұйымы конкурсты ұйымдастырушы болып табылмайтын жағдайда білім беру ұйымдары бойынша лоттарға бөле отырып (1 лот - 1 білім беру ұйымы) өткізіледі.

      Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, сондай-ақ конкурс жеңімпазын айқындау конкурстық құжаттамада көзделген әрбір лот бойынша жүзеге асырылады.

  1. Конкурсқа конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қарау қорытындылары бойынша айқындалған, біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер қатысады.

      25.Конкурсқа қатысу үшін әлеуетті өнім беруші келесі біліктілік талаптарына сәйкес келеді:

      1) конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырған күннен кейін мемлекеттік кіріс органдарының мәліметтері негізінде веб-портал автоматты түрде айқындайтын тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы;

      2) банкроттық не таратылу рәсіміне жатқызылмауы;

      3) материалдық және еңбек ресурстарының болуы;

      4) мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес өткен жылдың алдындағы үш жыл ішінде төленген салықтардың көрсеткіші әлеуетті өнім беруші табыстарының кемінде үш пайызын құрайды.

  1. 25-тармақтың 4) тармақшасының нормалары Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында өткізілетін құны тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен асатын, облыстық маңызы бар қалаларда өткізілетін құны тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген мөлшерінен асатын конкурстарға (лоттарға) қатысатын әлеуетті өнім берушілерге қойылады.

      Төленген салықтар көрсеткішінің есебі мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес мынадай формула бойынша айқындалады:

      ТСК = ТС / КС х 100%,

      мұнда:

      ТСК - төленген салықтардың көрсеткіші;

      ТС - төленген салық сомасы;

      КС - есептелетін үш жылдық кезең үшін әлеуетті өнім берушінің кіріс сомасы;

  1. Отандық қызмет көрсетушілерді, тауар өндірушілерді қолдау үшін конкурсты ұйымдастырушы (тапсырыс беруші) тамақтандыруды ұйымдастыру шеңберінде техникалық тапсырмада, шартта әлеуетті өнім берушілерге отандық өндірістің тамақ өнімдерінен кемінде 60% (алпыс пайыз) сатып алу туралы талаптарды қарастырады.
  2. Конкурстық құжаттама бекітілгеннен кейін конкурсты ұйымдастырушы веб-порталда қазақ және орыс тілдерінде конкурстық құжаттаманы қалыптастырады.
  3. Конкурсты ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей веб-порталда осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес конкурс өткізу туралы хабарландырудың мәтінін, сондай-ақ конкурстық құжаттаманы орналастырады.

      Әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынуының соңғы күнінің мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландырудың мәтінін және бекітілген конкурстық құжаттаманың мәтінін орналастырған күннен бастап кемінде күнтізбелік он бес күнді құрайды.

  1. Конкурстық құжаттамаға өзгерістерді конкурсты ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы конкурс өткізу туралы хабарландырудың мәтінін орналастырған күннен бастап күнтізбелік 10күн ішінде енгізеді.

      Ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін веб-портал арқылы веб-порталда конкурстық құжаттаманы алған өнім берушілерге жібереді.

      Конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі күнтізбелік бес күннен он күнге дейінгі мерзімге ұзартылады.

 

Толығырақ...