Created: 20 Тамыз 2021
97

Әлеуметтік педагог

Атауы Жүктеу
1 Тізімдер 1
2 Тізімдер 2
3 Тізімдер 3
4 Тізімдер 4
5 Тізімдер 5
6 Тізімдер 6
7 Жаппай оқу қоры 1 бет
8 Жаппай оқу қоры 2 бет
9 Ыстық тамақ 1 бет
10 Ыстық тамақ 2 бет

 


29 қазан - Қамқоршылар күні

29 қазан - Қамқоршылар күні. Қамқоршы-түрлі себептермен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына тәрбиелеуге алып, өздеріне үлкен жауапкершілікті артып жүрген адамдар. Бұл мерекеде балаларды қамқорлыққа алған қамқоршыға ризашылық білдіру, оларды қолдау мақсатында аталып өтіледі. Біздің мектебімізде қамқоршы болып отырған Цыганкова Надежда Яковлевна мен Колмагарова Бакытжан Тынысбековна осындай батыл қадам жасап, бала тәрбиесіне үлкен үлес қосып, көпшіліктің алғысына бөленіп отыр.Осы мереке қарсаңында мектебіміздің әлеуметтік педагогы Ж.К.Семелтирова мен мен сынып жетекшілері бірлесе отырып қамқоршылардың үйіне барып алғыстарын білдіріп, гүл шоқтарымен тәтті сыйларын таратты. Қамқоршылар да өз тараптарынан бізге алғыстарын білдірді.


2021-2022 оқу жылы барысында  жылдағы дәстүр бойынша “Мектепке жол”  республикалық қайырымдылық акциясы басталған болатын.         Акцияның мақсаты- аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата- анасының қамқорлығынсыз  қалған  балалар  ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына  дайындық кезеңінде  және әлеуметтік себептер бойынша  балалардың мектепке  бармауының алдын алу үшін көмек көрсету.

“Мектепке жол”  республикалық қайырымдылық акциясы  аясында арнайы бұрыш (стенд) ілінді, мектеп ықшам ауданы бойынша  көп қабатты үйлер дүкендер мен дәмханалар, сұлулық салондарына үндеу қағаздары таратылды.

Соның нәтидесінде «Еркем-ай» сауда үйінен оқушыларға керекті киім-кешектер берілді. «Нұртай» сауда үйінен жеке кәсіпкер оқушыларға арналған киімдермен көмектесті. Сонымен қатар «Сары арқа» сауда үйінен 3 оқушыға мектеп формасын берді.

Жылдағы дәстүр бойынша жаппай оқу қорына ата-аналардың өтініші бойынша 100 оқушы қамтылды. Ата-аналар бір ауыздан мектеп формасын аламыз деп өтініш жазды. Сонымен қатар осы 100 оқушыға мектепке керекті кеңсе заттары таратылды. Сонымен қатар жаппай оқу қорынан 100 оқушыға мектеп формасы толығымен таратылды.

  • аз қамтылған отбасы саны- 37
  • Көп балалы отбасы саны- 34
  • қамқорлыққа алынған оқушылар саны-3
  • АСП тізіміндегі отбасы саны -13
  • Әр түрлі санаттағы оқушы (иные категория)-13

 



Еліміздегі жылдағы дәстүр бойынша  әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясының басталғанын хабарлаймыз. Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады. Осы акцияға қала тұрғындарын, меценаттарын, кәсіпкерлерін жаны жомарт жандардың   көмек көрсетулерін сұраймыз. «Мектепке жол» акциясы оқу жылының соңына дейін жалғасады.

Байланыс телефондары:31973

Әлеуметтік педагог:87055861986