Created: 03 Мамыр 2022
160

Электронды e-daryn.kz арқылы балаларыңызды қосымша білім алуға тіркеңіздер

Құрметті қала тұрғындары!

 

Электронды e-daryn.kz арқылы

балаларыңызды қосымша білім алуға тіркеңіздер

Балаларға қосымша білім беру – бұл баланың рухани-адамгершілік, зияткерлік, эстетикалық және физикалық дамуына, оның шығармашылық және білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыруға қосымша мүмкіндіктер беретін үздіксіз білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі.

Осы орайда, қазіргі заман талабына сай электронды  мемлекеттік қызмет  көрсету қосымша білім беру мекемесіне баласын жазып, өтініш тастаймын деген әрбір Қазақстан азаматы, e-daryn.kz сайтына тіркеліп, таңдаған мекемесіне, таңдаған үйірмеге баласын тіркеп өтініш білдіре алады.

Қаламызда үш қосымша білім беру мекемесі бар, соның ішінде көп салалы мекеме «Оқушылар сарайы» мен «Балалар өнер мектебі». Бұл мекемелерде  әр түрлі бағытта  үйірмелер жұмыс жасайды.

Балаларымыздың келешегін ойлап, бос уақытын тиімді өткізсін, жақсы мамандық таңдауын жасап,  қосымша білім алсын деген, барлық ата-аналарға

e-daryn.kz сайтына тіркеліп, электронды түрде мемлекеттік қызмет көрсетуді саналы түрде пайдаланайық!