Created: 06 Желтоқсан 2021
148

29 қараша күні халқымыздың біртуар азаматы, көрнекті ғалым, академик, археолог, этнограф, шығыстанушы, тарихшы, филолог, қоғам қайраткері Әлкей Хақанұлы Марғұланға арнап №15 ЖББМ мұражай ашылды

Биылғы жылы егеменді еліміз, киелі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерей тойы аясында болашақ ұрпаққа үлгі боларлық біршама іс-шаралар атқарылуда.

Солардың бірі 29 қараша күні халқымыздың біртуар азаматы, көрнекті ғалым, академик, археолог, этнограф, шығыстанушы, тарихшы, филолог, қоғам қайраткері Әлкей Хақанұлы Марғұланға арнап №15 ЖББМ мұражай ашылды.

Мұражай ашудағы мақсат – Әлкей Марғұлан есімін жаңғырту, халық арасында дәріптеу. Жасөспірімдерге рухани құндылықтарды қадірлеу, отансүйгіштік, адамгершілік деген сияқты баға жетпес құндылықтарды қалыптастыру.

Осы игі бастамаға қала әкімі Ыдырысов Асқар Абылайұлы, қалалық білім бөлімінің басшысы Ақышбеков Берік Базылұлы, қаламыздың құрметті азаматы Мұса Тілеуов қатысты.

Мұражайды ашу құрметі Қала әкімі Асқар Абылайұлы мен қаламыздың құрметті азаматы Мұса Тілеуовқа берілді.

Мұражай жұмысын ұйымдастыру барысында мектеп директоры Тлемисова Аманкуль Тулеубаевна бастаған мектеп мұғалімдерінен құрылған топ белсене жұмыс жасады. Әлкей Марғұлан туған қызы Даниел Марғұланмен тікелей байланыс орнатып, арнайы әкесі туралы құнды естеліктер айтып, видеорепортаж жасады. Сондай-ақ «Құрмет орденінің», «Еңбек ардагері» медалінің иегері, геология саласының еңбек сіңірген ардагері, Жезқазған қаласының құрметті азаматы Мәлік Омарұлы мен Сәтбаев қаласының құрметті азаматы Яхия Асатовпен сұхбат жүргізілді.

Ғалымның сан саласын жете меңгерген парасатты ғұлама, Қазақстанда археология ғылымының негізін салушы зерделі зерттеуші-ғалым, ғылымның көрнекті ұйымдастырушысы, аяулы азамат және педагог Ә.Х. Марғұланды бүкіл қазақ жұртшылығы құрмет етеді. Ендеше Тәуелсіз елдің болашағы үшін Ә.Х.Марғұланның ерен еңбегін дәріптеу өте мағызды. Осы мақсатты жүзеге асыруды мұражайдің үйретері көп болсын!