Мектебімізде 24 қараша күні ерекше білімді қажет ететін балалар арасында пән мұғалімдері Сырманова Г.Н., Дауылбай С.Д., Садирбекова Ф.С., Адикова А.Б. ұйымдастыруымен «Оқу процесінде кері байланыс құралдарын пайдалану» атты апталық байқаудың 3-ші күні өтті.
Мақсаты: Ерекше білімді қажет ететін балаларды оқытуда танымдық қабілетін жетілдіріп, әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып оқушылардан кері байланыс алу.
Ерекше білімді қажет ететін оқушылардың бойындағы кемшіліктерді түзету, жан- жақты жүргізілетін оқу- тәрбие жұмысының нәтижесінде оқушыларды қоғамдық өмірге бейімдеу, сонымен қатар зейінін қалыптастыру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін және тілдерін дамыту керек.Осыған орай бүгінгі сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып оқушыларда кері байланыс жүрді.Оқушылар сабаққа өте қызығушылықпен белсене қатысты.
https://alkeimargulan.edu.kz/kz/2019-02-15-12-27-42/456-ispolzovanie-obratnoj-svyazi-v-protsesse-obucheniya-2#sigFreeId95affad29e