«№15 жалпы білім беретін мектебі» КММ ІІ тоқсан басталуына байланысты асхана өз жұмыстарын жалғастыруда. Жалпы мектебіміз бойынша «Жаппай оқумен қамту» қорынан 100 оқушы және 1-4 сыныптар толығымен бір реттік тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Мектебімізде бекітілген жоспар бойынша бракеражды комиссия мүшелері 15.11.2021 оқу жылында асхананың жұмыстарын тексерді. Асханаға байланысты құжаттарды және асхананы тексере келе, асхананың жұмыс жағдайы жақсы, қауіпсіздік ережелері толығымен сақталған. Асханаға керекті құрал жабдықтар толығымен қамтамасыз етілген. Ыдыс-аяқтардың барлығы маркерленген. Оқушылар тамақ ішетін зал жарық, толығымен безендірілген. Әр сыныптың ара қашықтықтары санитарлық талапқа сай сақталып отыр. Сонымен қатар әр сыныптың тамақтану уақыты көрсетілген. Комиссия тарапынан асхананы тексере келе ешқандай ескертулер болған жоқ, барлығы талапқа сай орындалып жатыр.