Бүгін «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» ММ ұйымдастыруымен дәстүрлі «Жыл мұғалімі-2021» байқауының ІІІ-ші ақтық кезеңі өтті. Қазан айының 13-22 аралығында байқаудың І-ІІ кезеңінде ұстаздар ашық сабақ және үздік сыныптан тыс жұмыстарын ұсынған болатын. Бүгін соңғы ІІІ- кезеңге жолдама алған қаламыздың білім беру мекемелерінен 8 ұстаз бақ сынады. Байқаудың басты мақсаты -шығармашылықпен жұмыс істейтін, рухани-адамгершілік, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық мәдениетті игерген, заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияны меңгерген, жан-жақты дамыған балалар мен жасөспірімдер тәлімгері, жоғары интеллектуалды деңгейдегі дарынды ұстаздарды анықтау болды.
Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлделі орын иегерлері ақшалай сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.
Бас жүлдені Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің мұғалімі Айнур Сарсенова, І орынды №15 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гульшат Окетаева, ІІ орынды №1 мектеп-гимназияның гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Гүлзат Дүйсенбай, ІІІ орынды №19 мектеп-лицейдің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Перизат Султангалиева иеленді.
«Ең үздік сабақ», «Үздік сыныптан тыс жұмыс », «Үздік үй тапсырмасы» және «Көрермен көзайымы» номинацияларына ие болған ұстаздарға да ақшалай сертификаттар табысталды. Сонымен қатар байқаудың 1-2 кезеңдеріне белсене қатысқан 5 ұстазға Сәтбаев қаласының білім қызметкелерінің кәсіп одағы ұйымы атынан да ақшалай сертификаттар табысталды.
Білім әлеміне мейірімділікті, жомарттықты, Отанға деген шексіз сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді шәкірт бойына ұялататын жандарға еңбектеріңіз жана берсін демекпіз!
https://alkeimargulan.edu.kz/kz/2019-02-15-12-27-42/314-zhyl-m-alimi-2021-baj-auynda-oza-shap-an-g-lshat-gabiden-yzyn-tty-tajmyz#sigFreeId1e4baa0704