"ЖАС ҰЛАН" - өскелең ұрпақты жоғары рухани - адамгершілік құндылықтар, демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптасқан ұйым. "Жас Ұлан" өз қызметінде ҚР-ның Конституциясын,заңнамасы және де басқа нормативтік құқықтық актілерін, ҚР-да ратификацияланған халықаралық актілерді басшылыққа алады.
"ЖАС ҰЛАН" ҰЙЫМЫНЫҢ РӘМІЗДЕРІ: ту, галстуг, төсбелгі, эмблема
ҰЙЫМҒА ҚАБЫЛДАУ ЖЫЛЫНА 3 РЕТ: 1 - мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні, 6-шілде - "Жас ұлан" құрылған күні, 16- желтоқсан - Тәуелсіздік күні.
ЖҮЗЕГЕ АСЫРУШЫЛАРЫ: 6-9 жас – «Жас Қыран», 10-16 жас – «Жас Ұлан», мектеп басшылығы, ұйым жетекшісі, класс жетекшілер, ата - аналар.
"ЖАС ҰЛАН" ҰЙЫМЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ: Парасат, Таным, Ұлт рухы, Тал бесік, Жігер, Жеті Жарғы, Еңбек.
БАСҚАРУ ҚҰРЫЛЫМЫ: Ұйым жетекшісі - Мектеп Ұланбасы - Топ Ұланбасы - Топ қыранбасы - Класс Ұланбасы - Класс Қыранбасы - бөлімдер бойынша жауаптылар.
ҰЙЫМ ЖҰМЫСЫНАН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ: Қоғамдағы өзгеріске бейімделген, әлеуметтік жеке тұлғаны қалыптастыру, қоғамдағы бірлестіктің ғылыми - әдістемелік қызметін жандандыру. Тәрбиелік - оқыту бағдарламасын тиянақты өткізу, ұйым жұмыстарын БАҚ арқылы кеңінен насихаттау.
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ "ЖАС ҰЛАН" БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҰЙЫМЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. "Бірыңғай "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымы" Республикалық қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі- "Жас Ұлан") Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Қазақстан Респуликасы балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымы болып табылады.
1.2. "Жас Ұлан"- өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар, гуманистік, толеранттылық пен демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптастыратын ұйым.
1.3. "Жас Ұлан" өзінің қызметін шығармашылық, спорттық, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдармен және мемлекеттік мекемелермен бірлесе жүзеге асырады.
1.4. "Жас Ұлан" өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңнамасы және басқа да нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасында ратификацияланған халықаралық актілерді басшылыққа алады.