Created: 29 Қыркүйек 2021
67

ЖАС ҰЛАН БЖҰ

«15 жалпы білім беретін мектебі» КММ мектебімізде 15 қыркүйек күні «Мектеп президентін» және «Өзін-өзі басқару ұйымының» мүшелерінің сайлау науқаны өткізілді.Мақсаты: Оқушылардың білімге құштарлығын арттыру. Өзін-өзі басқару жұмысына жетелеу, ұжымдық жауапкершілікті сезіне білуге қалыптастыру. Оқушының дүниетанымын, жан-жақты ойлау қабілетін, ой-өрісін дамытуға, көп ізденуге, бірін-бірі тыңдап, өз ойларын еркін айтуға дағдыландыру.Президенттік үміткерге 9-10 сыныптар арасынан мектеп президентігіне 12 үміткер қатысты.

Ерболат Айбол  9 «А» қ.б

Алдаберген Ханшайым  9 «А» қ.б

Мазуренко Надежда 9 «А» о.б

Сарыбаева Сандуғаш 9 «Б» қ.б

Өмірзақ Маржан 9 «Б» қ.б

Дәрібай Темірлан 10 «А» қ.б

Шуленова Нурай 10 «А» қ.б

Әжмағанбетова Нұрайым 10 «А» қ.б

Курикова Амина  10 «А» о.б

Айкумбаева Жанерке 10 «А» о.б

Әмірше Мунира 10 «Б» қ.б

Болат Аружан 10 «Б» қ.б     Әр үміткерлер дауыс беру күніне дейін өздерінің сайлау алды бағдарламасымен мектеп оқушыларын таныстырды. Барлық карантиндік шараларды ескере отырып 17-ші қыркүйек күні мектебімізде дауыс беру басталды. Сайлау нәтижесі бойынша жеңіске 10 «А» сынып оқушысы Курикова Амина мектеп президенті, ал «Жас Ұлан» бірыңғай жасөспірімдер ұйымының ұланбасы Әжмағанбетова Нұрайым болып сайланды.